Қазақ астанасына қонақ болу, Қазақстан еліне табан тіреу өзі үшін үлкен мәртебе екнін айтқан ол елордадағы беделді шараның мән-маңызына тоқталды.
«Қазақстан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі арқылы жаһанның назарын өзіне аударып отыр. Өйткені, көрменің тақырыбы өте өзекті деуге негіз бар. «Болашақтың энергиясы» – жасыл энергия тақырыбы дамыған мемлекеттерді ғана емес, дамушы елдерді де қызықтырып отырғанын осы шараға 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысуға өтініш білдіргенінен байқаймыз», деді С.Кристенсен.
Халықаралық көрмелер бюросының президенті төрткүл дүниеге жасыл энергияны таныту, осы бағыттағы тың жаңалықтарды паш ету шараларының ғаламдық өркениеттің дамуына қосар үлесі өлшеусіз екенін де жеткізді.
Асхат РАЙҚҰЛ, "Егемен Қазақстан"
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ, "Егемен Қазақстан"